2013 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № А-11/509 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 қаңтарда № 3613 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 04-942 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 18.09.2014 № 04-942 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) 21-ден 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде бірі жұмыс істемейтін отбасылардың тұлғалары;
      4) емделудің толық курсынан өткен туберкулезбен ауыратындар;
      5) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері;
      6) уақытша және мезгілдік жұмыстардың мерзімі өткендіктен босатылған тұлғалар;
      7) 18 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Бралинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                И.Қабдуғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады