Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 1 қарашадағы № 39 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 қарашада № 3449 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі № 85 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 11.07.2013 № 85 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алу үшін жыл сайын аудандық бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 шілдедегі № 93 «Ауданның мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-102 санымен тіркелген, «Ырғыз» газетінің 18 тамыз 2009 жылғы № 34 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                 Мәслихат хатшысы:

      К. Тілеуқабылов                    К. Косаяков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады