Степной ауылдық округінің көшелерін атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Степной ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 маусымда № 3-6-141 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Степной ауылдық округінің әкімінің 04.04.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Степной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Степной ауылдық округінің көшелеріне келесі атаулары берілсін:

      Степной ауылының:

      Сәрке батыр;

      Ахмет Жұбанов;

      Д.А. Қонаев;

      Шоқан Уәлиханов;

      Б. Момышұлы;

      Тәуелсіздік;

      М. Оспанов;

      Әлия Молдағұлова;

      Жастар;

      Абай;

      М. Маметова;

      Е.З.Ракчеев;

      Қайрақты ауылының:

      Ж. Жараспаев;

      Әбілқайыр хан;

      Жастар - Қайрақтысай ауылының көшесі Қайрақты ауылының Жастар көшесінің жалғасы болыды;

      Первомай ауылының:

      Қазақстан;

      Мамыт ауылының:

      Орталық;

      Достық;

      Шахтерлар.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Степной ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Б. Жолдыбаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степной ауылдық
      округінің әкімі: Г. Жүзбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады