Темір қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы № 38 шешімі және Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 103 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 мамырда № 3-10-168 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 631 бабтарына сәйкес, Темір қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Темір қаласындағы мына көшелер:
      1) Приречная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесі деп;
      2) Советская көшесі Әбілқайыр хан көшесі деп;
      3) Октябрьская көшесі Әбу Тәкенов көшесі деп;
      4) 42-х партизан көшесі Қаныш Сәтбаев көшесі деп;
      5) 40 лет ВЛКСМ көшесі Мәншүк Мәметова көшесі деп;
      6) Сакко-Ванцети көшесі Әлия Молдағұлова көшесі деп;
      7) Туркестанская көшесі Ахмет-Халфе көшесі деп;
      8) Саратовская көшесі Ағайынды Жұбановтар көшесі деп;
      9) Ленин көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесі деп;
      10) Ряхов көшесі Сәнкібай батыр көшесі деп;
      11) Борцов революции көшесі Сайын Балмұханов көшесі деп;
      12) Московская көшесі Шоқан Уәлиханов көшесі деп;
      13) Ташкентская көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі деп;
      14) Гражданская көшесі Толғанай көшесі деп;
      15) Вознесенская көшесі Бөгенбай батыр көшесі деп;
      16) Оренбурская көшесі Нұрпейіс Байғанин көшесі деп;
      17) Қазан көшесі Қожабай Жазыков көшесі деп;
      18) Базарная көшесі Сақтаған Бәйішев көшесі деп;
      19) Илецкая көшесі Абай көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары Н.С. Қалауовқа жүктелсін.
      3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. ҚАНИЕВ

      Мәслихат хатшысы:                          Н. ӨТЕПОВ

      Мәслихат сессиясының төрағасы          Е. БАЛБОСЫНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады