Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 211 "Шалқар ауданы аймағындағы ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 2 қарашадағы № 41 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 қарашада № 3443 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 маусымдағы № 85 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 29.06.2013 № 85 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 шілдедегі № 211 «Шалқар ауданы аймағындағы ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-13-139 санымен тіркелген, 2010 жылы 8 қыркүйектегі № 41 (8137) «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Тақырыптағы «және спорт» деген сөз «спорт және ветеринария» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1 тармақтағы «және спорт» деген сөз «спорт және ветеринария» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың            Аудандық мәслихаттың
         сессия төрағасы                    хатшысы

         Ә. Әбдіғапарова                 С. Тулемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады