Алматы облысының аумағындағы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 ақпандағы N 23 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 13 наурызда N 2086 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123–бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10184348-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркін қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы облысының аумағындағы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер пайдаланушылар мен меншік иелерін жер учаскелерін алып қоймай, ені екі шақырымнан кем емес күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне күзет аймағының шекарасын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А. Мұсаханов

      Келісілді:

      Облыс әкімі аппаратының заң,
      мемлекеттік құқығы
      бөлімінің меңгерушісі                      Руслан Төлендіұлы Қалиев

      Алматы облыстық орман
      және аңшылық шаруашылығы
      аумақтық инспекциясының
      бастығы                                    Темірлан Болатұлы Мәмиев

      Облыстық ішкі істер
      департаментінің бастығы                    Халықұлы Жайлаубек
      2012 жылғы 9 ақпан

Облыс әкімдігінің
2012 жылғы 9 ақпандағы
"Алматы облысының аумағындағы
Шарын мемлекеттік ұлттық
табиғи паркінің күзет аймағы
мен табиғатты пайдалану режимін
белгілеу туралы N 23 қаулысына
қосымша

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағындағы
табиғатты пайдалану режимі

      1. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі-ұлттық паркі) күзет аймағында жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі.
      2. Ұлттық паркінің күзет аймағында мыналарға тыйым салынады:
      1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;
      2) мемлекеттік табиғи паркінің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;
      3) жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін зәрлі улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге;
      4) атмосфера және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
      5) пайдалы қазбалар өндіруге;
      6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
      7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
      8) Ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға;
      9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлері жерсіндіруге;
      10) Ұлттық парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.
      3. Ұлттық парктің күзет аймағында оның экологиялық жүйесіне келеңсіз әсер етпейтін шаруашылық әрекеттің әр алуан түрлері жүзеге асуы мүмкін:
      1) орман шаруашылық әрекеті;
      2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның біріктігін қамтамасыз ету щеңберіндегі өзге де қызмет;
      3) туристік және рекрециялық қызмет;
      4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
      5) кәсіпшілік және әуесқой (спорттық) балық аулау;
      6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авияциялық жұмыстарды жүргізу;
      7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;
      8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;
      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
      10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, ұлттық парк қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кардондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.
      4. Ұлттық паркінің күзет аймағында "Алматы облысының аумағындағы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы" облыс әкімдігінің қаулысына қосымшасының 3-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ ұлттық паркінің өзге де объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады