1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2012 жылғы 02 ақпандағы N 2-4 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 10 ақпанда N 2-6-90 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 12-15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 19.12.2012 № 12-15 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, № 35 мекен-жайында орналасқан "Алматы облысының Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Селолық округ әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі белгілеген мерзімде "Алматы облысының Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.

      3. Балқаш ауданы әкімінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы "1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2011 жылы 20 қаңтарда N 2-6-79 болып енгізіліп, аудандық "Балқаш өңірі" газетіне 2011 жылдың 8 ақпанда N 7 (7331) жарияланған) N 12-10 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлына жүктелсін.

      5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

А. Көшкімбаев

КЕЛІСІЛДІ:


"Балқаш ауданының қорғаныс


істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Көшербаев Марат Жеңісұлы


      02 ақпан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады