Қарасай ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Қарасай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 сәуірдегі N 4-3 шешімі және Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі N 4-335 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 сәуірде N 2-11-118 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарасай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарасай ауданы елді мекендерінің шекаралары (шегі) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
      1) Жандосов ауылдық округінің Жандосов ауылына жалпы көлемі 73,5500 гектар, Шалқар ауылына жалпы көлемі 56,6300 гектар, Қайрат ауылына жалпы көлемі 20,6000 гектар жер қосылсын;
      2) Райымбек ауылдық округінің Қырғауылды ауылына жалпы көлемі 66,3600 гектар, Долан ауылына жалпы көлемі 92,4000 гектар, Райымбек ауылына жалпы көлемі 68,9300 гектар, Құмтоған ауылына жалпы көлемі 44,5800 гектар, Абай ауылына жалпы көлемі 5,1400 гектар, Бұлақты ауылына жалпы көлемі 12,6200 гектар жер қосылсын.
      3) Үлкен Алматы ауылдық округінің Нұрлытау ауылына жалпы көлемі 14,3000 гектар, Алатау ауылына жалпы көлемі 20,5000 гектар, Жайлау ауылына жалпы көлемі 22,0000 гектар, Ерменсай ауылына жалпы көлемі 2,6000 гектар жер қосылсын.
      4) Таусамалы ауылдық округінің Тастыбұлақ ауылына жалпы көлемі 3,8900 гектар, Ақжар ауылына жалпы көлемі 3,5500 гектар, Жаңатұрмыс ауылына жалпы көлемі 174,5000 гектар жер қосылсын.
      5) Үшқоңыр ауылдық округінің Үшқоңыр ауылына жалпы көлемі 83,3200 гектар, Сауыншы аулына жалпы көлемі 14,3000 гектар, Үштерек ауылына жалпы көлемі 42,9000 гектар, Еңбекші ауылына жалпы көлемі 4,1900 гектар жер қосылсын.
      6) Бірінші май ауылдық округінің Бекболат ауылына жалпы көлемі 32,0500 гектар, Қайнар ауылына жалпы көлемі 16,1700 гектар, Сауыншы ауылына жалпы көлемі 9,9900 гектар жер қосылсын.
      7) Ұмтыл ауылдық округінің Алмалыбақ ауылына жалпы көлемі 328,5000 гектар, Ұлан ауылына жалпы көлемі 2,0000 гектар жер қосылсын.
      8) Елтай ауылдық округінің Береке ауылына жалпы көлемі 54,0000 гектар, Елтай ауылына жалпы көлемі 143,0000 гектар, Исаев ауылына жалпы көлемі 5,0000 гектар, Қаратөбе ауылына жалпы көлемі 41,0000 гектар, Көкөзек ауылына жалпы көлемі 60,3000 гектар, Жармұхамбет ауылына жалпы көлемі 71,5000 гектар, Мәдениет ауылына жалпы көлемі 120,0000 гектар, Рахат ауылына жалпы көлемі 91,0000 гектар, 71-разъезд ауылына жалпы көлемі 0,3500 гектар жер қосылсын.
      9) Іргелі ауылдық округінің Кемертоған ауылына жалпы көлемі 88,4700 гектар жер қосылсын.
      10) Жаңашамалған ауылдық округінің Қошмамбет ауылына жалпы көлемі 129,4400 гектар, Шамалған бекетіне жалпы көлемі 106,5400 гектар, Көлащы ауылына жалпы көлемі 63,1000 гектар, Тұрар ауылына жалпы көлемі 112,4900 гектар жер қосылсын.
      3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары (Жакупов Бөлтірік Аусадықұлына) жүктелсін.
      4. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қарасай ауданының
      әкімі                                      Дәуренбаев Амангелді Айдарұлы

      Қарасай аудандық
      мәслихат сессиясының төрағасы              Тұяқбаев Самат Сейсенұлы

      Қарасай ауданы
      мәслихатының хатшысы                       Сыдық Ардақ Маутханұлы

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасай ауданының жер
      қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Жұмабаев Жомарт Дауысқожаұлы
      3 сәуір 2012 жыл

      "Қарасай аудандық сәулет
      және қала құрылысы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Оразалиев Мади Жуанышбекұлы
      3 сәуір 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады