Бірінші Май ауылдық округі Бекболат, Сауыншы ауылдарындағы жаңа көшелеріне ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Бірінші Май ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 03 қыркүйектегі N 9-60 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 17 қыркүйекте N 2104 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі және Бірінші Май ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, Бірінші Май ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Бірінші Май ауылдық округі Бекболат ауылының оңтүстік батысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Болашақ, екінші көшеге - Көкжиек, үшінші көшеге - Үйтас, төртінші көшеге - Бәйтерек, бесінші - Үшқоңыр, Бекболат ауылының оңтүстік шығысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Бұрған, екінші көшеге - Көктөбе, үшінші көшеге - Қасқасу, төртінші көшеге - Таусамалы, бесінші көшеге - Жаңалық, алтыншы көшеге - Талапкер, жетінші көшеге - Ұлттар достығы, сегізінші көшеге - Алатау, тоғызыншы көшеге - Айдарлы, оныншы көшеге - Еңбек, Бекболат ауылының солтүстік шығысында орналасқан жаңа көшеге: бірінші көшеге - Майбұлақ. Сауыншы ауылының батысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Ардагерлер, екінші көшеге - Омарта, үшінші көшеге - Нұрлытау, төртінші көшеге - Ынтымақ аттары қойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бірінші май ауылдық
      округінің әкімі                            М. Қарнақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады