Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 02 қарашадағы N 5-11-78 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 15 қарашада N 2189 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 қазандағы № 5-38-252 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 14.10.2014 № 5-38-252 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік саясат, жастар ісі, спорт жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Аудандық мәслихаты



сессиясының төрағасы

Ж. Абилов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Т. Оспанов

КЕЛІСІЛДІ:



"Панфилов аудандық жұмыспен



қамту және әлеуметтік



бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік



мекемесінің бастығы

Жақыбай Азат Жапарұлы

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады