Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудан әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы N 3-57 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 12 сәуірде N 2-19-130 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 04 қарашадағы N 11-358 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық әкімдігінің 04.11.2013 N 11-358 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Ұйғыр ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:
      уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
      ұзақ (бір жылдан астам) мерзімді жұмыс істемегендер;
      елу жас және одан үлкен тұлғалар;
      бұрын жұмыс істемегендер;
      отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұйғыр ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Турдыбакиев Турсунжан
      20 наурыз 2012 жыл

      "Ұйғыр ауданының жұмыспен
      қамту орталығы" мемлекеттік
      мекеменің директоры                        Капаров Серик Капарович
      20 наурыз 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады