Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің Айшабибі ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 550 қаулысы және Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-13 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда № 1879 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
      сақталған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің Айшабибі ауылының әкімшілік шекарасына бұрынғы «Квант» бау-бақша серіктестігі» тұтыну кооперативінің аумағында орналасқан жалпы көлемі 9,0 гектар жер қосылып, Айшабибі ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Жамбыл ауданының әкімі:                    Жамбыл аудандық
      Н.Календеров                               мәслихаты
                                                 сессиясының
                                                 төрайымы:
                                                 Ж.Шардарбекова

      Жамбыл аудандық
      мәслихат хатшысы:
      Р.Бегалиев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады