2012 жылы Меркі ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 1 Шешімі. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 01 ақпанда 6-6-102 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 36 бабына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы К. Нұрдиновқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2012 жылдың қантар-наурыз айларында Меркі ауданың аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Ауылдық округ әкімдері, «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.
      3. «Меркі ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері М.С. Жұманқұловқа ( келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық денгейін анықтау үшін «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қантардағы № 44 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу ұсынылсын.
      5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Жамбыл облысы Меркі ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.К. Жусуповқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешім орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рысқұлбековке жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкімі                                С. Жұмағұлов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      К. К. Нұрдинов
      24 қантар 2012ж.

      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министірлігі Жамбыл облысы
      Меркі ауданы Ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А.К. Жусупов
      24 қантар 2012ж.

      «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасының Меркі аудандық
      орталық аурухана» шаруашылық жүргізу
      құқығындағы Мемлекеттік Коммуналдық
      кәсіпорынның бас дәрігері
      М.С. Жұманқұлов
      24 қантар 2012ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады