Қарағанды облысының Саран, Ащысу, Шоқай, Көкпекті, Краснополянский, Шерубай-Нұра су қоймаларында, Сасықкөл, Балықтыкөл, Қарасор, Балықты көлдерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі N 11/05 қаулысы. Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 мамырда N 1912 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес, су нысандарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау үшін, жер үсті суларының ластануының, қоқыстануының және сарқылуының алдын алу үшін, сонымен бірге жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау үшін, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілген жобаларға сәйкес су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін:

      1) "Қарағанды облысының Саран су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      2) "Қарағанды облысының Ащысу су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      3) "Қарағанды облысының Шоқай су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      4) "Қарағанды облысының Көкпекті су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      5) "Қарағанды облысының Краснополянский су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      6) "Қарағанды облысының Шерубай-Нұра су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      7) "Қарағанды облысының Сасықкөл көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      8) "Қарағанды облысының Балықтыкөл көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      9) "Қарағанды облысының Қарасор көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      10) "Қарағанды облысының Балықты көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату".

      2. Осы қаулының 1 тармағындағы көрсетілген су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылыққа пайдалану тәртібі және ерекше жағдайлары қосымшаға сәйкес орнатылсын.

      3. "Қарағанды жер ҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін.

      4. "Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық жер балансын жасаған кезде тиiстi өзгерістер енгізсін.

      5. Саран қаласының, Абай, Бұқар-Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандарының әкімдері:

      1) заңнамалар талаптарына сәйкес су қорғау белдеулеріндегі жерді жобалық құжаттамаға сәйкес су қорының жеріне ауыстыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекарасын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап әрбір жер пайдаланушыларға жеткізсін;

      3) жер телімдерін бөлген кезде, осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша пайдаланудағы су қорғау аймақтарын, белдеулерін және шаруашылыққа пайдалану тәртібін сақтасын;

      4) тиісті пайдалану тәртібін сақтау жағдайына орай су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлу, су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылмауының алдын ала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүзеге асырсын.

      6. Саран қаласының, Абай, Бұқар-Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандарының әкімдері, олардың ведомстволық қарастылығына және меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық нысандары басшылары пайдаланатын жерлердегі, су қорғау аймақтары және белдеулерінде:

      1) су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан нысандарды пайдалануға беруді шаруашылық пайдалану тәртібіне сәйкес түрге келтіру бойынша жұмыстар жүргізілсін;

      2) шаруашылыққа пайдалану тәртібінің бұзылмауы және тиісті санитарлық жағдайы қосымшаға сәйкес, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтауды қамтамасыз етсін.

      7. Мемлекеттік уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өзінің құзіреттілігі шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының сақталуын, оларға белгіленген шаруашылық қызметінің тәртібін және ерекше қорғалатын су нысандарын бақылауды жүзеге асырсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.А. Әбілдаға жүктелсін.

      9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.

Қарағанды облысының әкімі

Ә. Құсайынов

КЕЛІСІЛДІ


Қазақстан Республикасы


денсаулық сақтау министрлігінің


Қарағанды облысы бойынша


мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық


қадағалау департаментінің директоры


Т.Н. Хамитов



      "___" _______ 2012 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу

      бассейндік инспекциясының бастығы

      Б.З. Данбаев

      "___" _______ 2012 жыл

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2012 жылғы 5 сәуірдегі
N 11/05 қаулысымен бекітілді

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа
пайдалану тәртібі және ерекше жағдайлары

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1 бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жобалары болмаса және мемлекеттік экологиялық сараптаманың, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын (экологиялық және басқа да сараптамалардың қорытындыларын қамтитын) алған жобалары болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады