Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы N 49/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 қаңтарда N 2096 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 22/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 02.06.2016 № 22/3 қаулысымен.
      Еңбек нарығындағы жағдайға қарай, халықты әлеуметтік қорғау бойынша шараларды кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      еңбек нарығында қажеті болмай қалған және ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      қайта некеге тұрмаған және кәмелетке толмаған бала тәрбиелейтін (жесір, неке бұзған) әйелдер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Теміртау қаласының әкімі
Н. Сұлтанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады