Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" N 36/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 02/04 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 ақпанда N 8-4-268 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 18/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 12.05.2016 N 18/02 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-201 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 қарашадағы N 141-142 (11654) "Балқаш өңірі", N 136-137 (695) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) N 36/01 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
       1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Балқаш қаласының барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Балқаш қаласының әкімі
Қ. Тейлянов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады