Сырдария ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 қазандағы N 436 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 02 қарашада N 4332 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 қаңтардағы N 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013.01.03 N 1 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 120 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-8-172 санымен тіркелген, 11.04.2012 жылы "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.";
      Қаулының 1-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы".
      2. "2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы N 189 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-8-177 санымен тіркелген, 16.05.2012 жылы "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер:
      Қаулының 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 120 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-8-172 санымен тіркелген, 11.04.2012 жылы "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:".
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   Ғ. Әбілтай

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы
      Ішкі істер департаментінің Сырдария аудандық
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы Бурханов Талгат Темирович
      _______________________________
      "29" қазан 2012 ж

      "Келісілді"
      Қызылорда облысының денсаулық сақтау
      басқармасының "Сырдария аудандық
      емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы
      мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының
      бас дәрігері Ерімбет Сексенбай Бұқарбайұлы
      ___________________________________
      "29" қазан 2012 ж

      "Келісілді"
      "Қызылорда облысы Сырдария
      ауданының Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Утжанов Чингис Кубеевич
      ______________________________
      "29" қазан 2012 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады