Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.08.2013 № 244 қаулысымен.
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 842 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырылған «Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Б.Жұмашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Мұхаметжанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
А.Қ. Жұмағалиев
04 сәуір 2012 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2012 жылғы 04 сәуір № 57
қаулысымен бекітілген
«Облыс аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
Ескерту. Тақырыбқа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013.01.11 № 5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. «Облыс аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – ЖАО), баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб - порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013.01.11 № 5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 842 қаулысымен бекітілген «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық қызмет.
5. Осы «Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
3) ЖАО – жергілікті атқарушы орган («Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі);
4) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
5) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, жіберу және ұсыну үшін арналған жүйе;
6) ҰКО АЖ – Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының ақпараттық жүйесі;
7) ХҚКО АЖ – Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі;
8) ЖАО АЖ – жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесі/Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» шлюзінің қосалқы жүйесі ретіндегі аймақтық шлюз», атап айтқанда жергілікті атқарушы орган қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орнын қосады;
9) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;
10) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
11) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлға;
12) ЭҮАШ – «электрондық үкіметтің» аймақтық шлюзі;
13) БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;
14) құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;
15) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
16) ХҚКО – Халыққа қызмет көрсету орталығы;
17) «электрондық үкiметтiң» шлюзi (бұдан әрi – ЭҮШ) – электрондық қызметтi iске асыру аясында «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
19) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі
6. ЖАО арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс - қимылдың № 1 диаграммасы) осы Регламентке 2–қосымшада келтірілген:
1) тұтынушы қызмет алу үшiн өтiнiш және қажеттi құжаттардың түпнұсқаларымен ЖАО-ға өтiнiш жасауы тиiс. Тұтынушының өтiнiш және құжаттарының түпнұсқалығын ЖАО-ның қызметкерi тексеруі;
2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін ЖАО қызметкерiнiң ЖАО АЖ - да ЖСН/БСН және парольді енгiзу (авторизациялау үдерісі) үдерісі;
3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы ЖАО АЖ-дан ЖАО -ның тіркелген қызметкері туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-үдеріс – ЖАО қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЖАО АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – ЖАО қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сканерден өткізілген құжаттарды қосу);
6) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ арқылы қол қою;
7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ЖАО АЖ-да тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;
8) 5-үдеріс – ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
10) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (облыс аумағында таратылатын шетелдік БАҚ есепке алу туралы анықтаманы немесе шетелдік БАҚ есепке алудан бас тарту туралы дәлелді жауапты) қалыптастыру. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады;
11) 8-үдеріс – ЖАО қызметкерiнiң электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (облыс аумағында таратылатын шетелдік БАҚ есепке алу туралы анықтаманы немесе шетелдік БАҚ есепке алудан бас тарту туралы дәлелді жауапты) қолма-қол немесе тұтынушының электрондық поштасына жiберу арқылы беру.
7. ХҚКО арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы Регламентке 2–қосымшада келтірілген:
1) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚКО АЖ– да ХҚКО операторының авторизациялау үдерісі;
2) 1-шарт – ХҚКО АЖ – да ЖСН/БСН және пароль, не ЭЦҚ арқылы тіркелген оператор туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
3) 2-үдеріс – ХҚКО операторының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ХҚКО АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – ХҚКО операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сканерден өткізілген құжаттарды қосу);
5) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) ХҚКО операторының ЭЦҚ арқылы қол қою;
6) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ХҚКО АЖ-да тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;
7) 5-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮАШ/ЭҮШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
9) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (облыс аумағында таратылатын шетелдік БАҚ есепке алу туралы анықтаманы немесе шетелдік БАҚ есепке алудан бас тарту туралы дәлелді жауапты) қалыптастыруы. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады және ХҚКО АЖ-ға жіберіледі;
10) 8-үдеріс – ХҚКО қызметкерiнiң шығыс құжатты қызметтi тұтынушыға қолма-қол немесе электрондық поштаға жiберу арқылы беру.
8. ЭҮП арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (iшiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы) осы Регламентке 2–қосымшада келтірілген:
1) тұтынушы ЖСН/БСН және парольдің көмегімен ЭҮП-те тіркелуі жүзеге асырылады (ЭҮП-те тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының ЖСН/БСН және парольді ЭҮП-те енгізу үрдісі (авторизациялау үрдісі);
3) 1-шарт – ЭҮП-те ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП-те авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сканерден өткізілген құжаттарды қосу);
6) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді, қосылған сканерден өткізілген құжаттарды) тұтынушының ЭЦҚ арқылы қол қою;
7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестілігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің мерзімін және ЭҮП-те тіркеу куәлігінің қайта шақырылған (жойылған) тізімде жоқтығын тексеру;
8) 5-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮАШ/ЭҮШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;
10) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін (облыс аумағында таратылатын шетелдік БАҚ есепке алу туралы анықтаманы немесе шетелдік БАҚ есепке алудан бас тарту туралы дәлелді жауапты) қалыптастыруы. Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады және ЭҮП-те жеке кабинетке жіберіледі.
9. Тұтынушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салуының орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: ЭҮП-те «Қызметтерді алу тарихы» бөлiмiнде, сонымен қатар ЖАО-ға немесе ХҚКО-ға өтiнiш жасағанда.
10. Электрондық мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты алу, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) үшін байланыс телефонының нөмірі: 8(7292) 42-66-10.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭҮАШ/ЭҮШ;
3) ҰКО АЖ;
4) ХҚКО АЖ;
5) ЖАО АЖ;
6) ХҚКО;
7) ЖАО.
12. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, ҚФБ іс-қимылы дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1–қосымшада келтірілген.
13. ҚФБ сипаттамасына сәйкес олардың (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) іс-қимылының қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар осы Регламентке 2–қосымшада (№ 1, 2, 3 диаграммалар) келтірілген.
14. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі соған сәйкес ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері осы Регламентке 3–қосымшада келтірілген.
15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламентке 4–қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түпкілікті әрі толық ақпарат ұсыну;
5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.
17. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары: электрондық мемлекеттік қызметке қол жеткізудің және оны көрсетудің қолдайтын құрылғылары (компьютер, Интернет, қоғамдық қолжетімділік пункты, ХҚКО, ЖАО).
«Облыс аумағында таратылатын
шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке алу» электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013.01.11 № 5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс - әрекетінің сипаттамасы
1 |
Іс- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
2 |
ҚФБ атауы |
Алушы |
ЭҮП |
Алушы |
ЭҮП |
Алушы |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ АЖО |
3 |
Іс- |
ЖСН/БСН және паро- ЭҮП-ге автор- |
Алушы-ның дерек-те- |
Қыз- |
ЭЦҚ алушы- |
Алу- |
Құ- |
Алушы- |
Алушы- |
4 |
Аяқта- |
Сұра- |
Сұрау салын-ған элек- |
Сұра- |
Сұрау салын- |
Сұра-ныс- |
Өті- |
Бас тарту туралы дәлелді жауапты қалып- |
Шығу құжатын көрсету |
5 |
Орын- |
30 се- 1 минут |
30 секунд |
1,5 минут |
1,5 минут |
30 се- |
1 минут |
30 секунд |
10 жұмыс күні |
6 |
Келесі іс- |
2-алу- 3–егер автор-ланды-ру сәтті өткен жағ- |
– |
4-алу- 5–егер қате- |
- |
– |
7-алушы мәлі-ме- |
- |
- |
2 - кесте. ХҚКО арқылы іс - қимылдардың сипаттамасы
1 |
Іс-әрекеттің (бары- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
2 |
ҚФБ атауы |
ХҚКО АЖ АЖО |
ХҚКО опера- |
ХҚКО опе- |
ЖТ МДБ/ ЗТ МДБ/ БНАЖ |
ХҚКО операторы |
ХҚКО операторы |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ АЖО |
ЭҮӨШ АЖО |
3 |
Іс-әре- |
ХҚКО опера- |
Қыз- |
ЖТ МДБ/ ЗТ МДБ/ БНАЖ сұ- |
Алушы дерек- |
Сұрау салу ныса- |
ЭЦҚ ар- |
Құ- тір- |
Алушы- |
Алу- алуы |
4 |
Аяқталу нысаны (дерек- құжат, ұйым- |
Өтініш білді- |
Сұра- сәтті қалып- |
Сұ- |
Бас тарту туралы дәлел- |
Сұра- |
Сұ- |
Өті- |
Бас тарту туралы дәлел- |
Анық- |
5 |
Орында- |
30 секунд-1 минут |
30 секунд |
1,5 ми- |
1,5 минут |
30 се- |
1 ми- |
1 ми- |
30 секунд-1 минут |
10 жұмыс күні |
6 |
Келесі іс-әре- |
2 |
3 |
4- 5– |
- |
- |
- |
8- 9– |
- |
- |
3-кесте. ЭҮП арқылы іс - қимылдардың сипаттамасы
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы |
||||
1 |
Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) № |
1 |
2 |
3 |
2 |
ҚФБ, АЖ атауы |
ЭҮП |
ЭҮАШ (ЭҮШ) |
ЖАО АЖ |
3 |
Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Тұтынушының ЭҮП-те авторизациялануы, сұрау салудың нысанын толтыру. Электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру |
Сұрау салуды ЖАО АЖ-ға және хабарламаны ХҚКО АЖ-ға бағдарлау (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда) |
Өтінішке нөмір беру және түскендердің мәртебесін көрсету (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда) |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешiмi) |
Сұрау салудың сәтті қалыптасқандығы туралы хабарламаны көрсету немесе сұралып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Сұрау салуды бағдарлау (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда) |
ЭҮП-ке хабарламаны жіберу (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда) |
5 |
Орындау мерзiмдерi |
1 минуттан артық емес |
1 минуттан артық емес |
1 минуттан артық емес |
6 |
Келесi іс-қимылдың нөмiрi |
2 |
3 |
4 |
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы |
||||
1 |
Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) № |
4 |
5 |
6 |
2 |
ҚФБ, АЖ атауы |
ХҚКО АЖ |
ЖАО |
ЖАО |
3 |
Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
ХҚКО АЖ-да ЭҮП тен түскендердің мәртебесін көрсету (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда) |
Өтінішті орындауға қабылдау, (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда) |
Сұрау салуды орындау. Шетелдік БАҚ-тарды есепке алу туралы шешім қабылдау |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешiмi) |
Мәртебесін корсету (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда) |
Жұмыстануға қабылдау (енгізілген деректер дұрыс болған жағдайда) |
Анықтаманы не дәлелді бас тартуды қалыптастыру |
5 |
Орындау мерзiмдерi |
1 минуттан артық емес |
5 минуттан артық емес |
15 күнтізбелік күн |
6 |
Келесi іс-қимылдың нөмiрi |
5 |
6 |
7 |
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы |
||||
1 |
Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) № |
7 |
8 |
9 |
2 |
ҚФБ, АЖ атауы |
ЖАО АЖ |
ЭҮАШ (ЭҮШ) |
ЭҮП |
3 |
Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Шығыс құжатын қалыптастыру |
ЭҮП пен ХҚКО АЖ-да «жұмыстану- |
«Жұмыстануда» мәртебесін көрсету |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшы- |
Жүйеде шығыс құжатын қалыптастыру |
Бағдарлау |
Мәртебесін көрсету |
5 |
Орындау мерзiмдерi |
1 минуттан артық емес |
1 минуттан артық емес |
1 минуттан артық емес |
6 |
Келесi іс-қимылдың нөмiрi |
8 |
9 |
10 |
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы |
||||
1 |
Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) № |
10 |
11 |
12 |
2 |
ҚФБ, АЖ атауы |
ХҚКО АЖ |
ЖАО |
ЖАО АЖ |
3 |
Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Хабарлама мен мәртебесін корсету |
Шығыс құжатын жасау |
Шығыс құжатына ЖАО қызметкерiнiң ЭЦҚ қол қою. Қызмет көрсетудің мәртебесін ЭҮП пен ХҚКО АЖ-ға ауыстыру туралы хабарламаны қалыптастыру |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшы- |
Мәртебесін көрсету |
Қол қойылған шығыс құжаты |
ЭҮП-ке шығыс құжатымен хабарламаны және мәртебесін ХҚКО АЖ-ға ауыстыруды жолдау |
5 |
Орындау мерзiмдерi |
1 минуттан артық емес |
1 минуттан артық емес |
1 минуттан артық емес |
6 |
Келесi іс-қимылдың нөмiрi |
11 |
12 |
13 |
Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы |
||||
1 |
Іс-қимыл (жұмыс барысының, ағынының) № |
13 |
14 |
15 |
2 |
ҚФБ, АЖ атауы |
ЭҮАШ (ЭҮШ) |
ЭҮП |
ХҚКО АЖ |
3 |
Іс-қимылдың (үдерiстiң, рәсiмдеудiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Шығыс құжатын ЭҮП-те шығара отырып, мәртебесін ауыстыру туралы хабарламаны және мәртебесін ХҚКО-да ауыстыру туралы хабарламаны бағдарлау |
Шығыс құжатын қарау мүмкіндігімен қызмет көрсету аяқталғаны туралы хабарламаны көрсету |
Қызмет көрсету аяқталғаны туралы хабарламаны көрсету |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшы- |
Бағдарлау |
Шығыс құжатын көрсету |
Орындау мәртебесін көрсету |
5 |
Орындау мерзiмдерi |
1 минуттан артық емес |
1 минуттан артық емес |
1 минуттан артық емес |
6 |
Келесi іс-қимылдың нөмiрi |
14 |
15 |
- |
Ескертпе:
Осы кестеде электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң технологиялық тiзбегiнде келесiәрекеттердiң аяқталу үлгiлерi, орындалу мерзiмдерi және нөмiрлерi көрсетiлiп ЭҮП және барлық ҚФБ әрекеттерi (функциялары, рәсiмдерi, операциялары) атап көрсетiледi.
Кесте негiзiнде электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiндегi функционалдық өзара iс-қимылдың диаграммалары құрылады.
«Облыс аумағында таратылатын
шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке алу» электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013.01.11 № 5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
№ 1-ші сурет. ЖАО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс - қимыл диаграммасы
(суретті қағаз жүзінде қараңыз)
№ 2-ші сурет.ХҚКО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс - қимыл диаграммасы
(суретті қағаз жүзінде қараңыз)
№ 3-ші сурет.ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс - қимыл диаграммасы
(суретті қағаз жүзінде қараңыз)
Шартты белгілер
(суретті қағаз жүзінде қараңыз)
«Облыс аумағында таратылатын
шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке алу» электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013.01.11 № 5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Электрондық мемлекеттік қызметке
арыздың экрандық нысаны
(суретті қағаз жүзінде қараңыз)
Электрондық мемлекеттік қызметке шығыс
құжатының (анықтаманың) нысаны
(суретті қағаз жүзінде қараңыз)
Шығыс құжатының (бас тартудың) нысаны
(суретті қағаз жүзінде қараңыз)
«Облыс аумағында таратылатын
шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке алу» электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013.01.11 № 5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Электрондық мемлекеттік қызметтерінің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны_______________________________________________________
(қызметтің атауы)
1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) ішінара канағаттанамын;
3) қанағаттанамын.