"Әлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 63 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы N 297 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 желтоқсанда N 2171 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 15.08.2013 № 244 қаулысымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 тамыздағы N 1059 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік қорғау саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі N 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2129 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2012 жылғы 5 маусымда N 98-99 (8179) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Г.М. Қалмұратова) осы қаулыны Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Облыс әкімі                             Б. Мұхаметжанов
 
 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация министрі
      А.Қ. Жұмағалиев
      26 қараша 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады