Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 Қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 07 маусымда № 11-1-180 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 819 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 819 қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңының 8 бабының 2) және 3) тармақшаларына27 бабына, «Iшкi сауда Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген ішкi сауда Ережесінің  119 және 120 тармақтарына және «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 қаулысына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Ш. Ержанов):
      1) кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін жергілікті базарларға жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;
      2) «Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (С.Қ. Утеева) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына (одан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкестендіруді қамтамасыз етсін;
      3) «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (А.К. Жүзбаева) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарының көлемі және шекарасы Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес белгіленсін;
      4) «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Б.Г. Қасымов) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарында және оған жалғанған аумақтарда тазалықты қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтау қаласы әкімдігінің 2012.09.07 № 807 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін белгілеу туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2011 жылдың 1 маусымындағы № 605 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-157 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 шілдедегі № 33 «Ақтау ақпарат» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ө.С. Бисақаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              О. Қазақбаев

      “КЕЛІСІЛДІ”:

      “Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі”
      мемлекеттік мекемесі бастығының м.а.
      Е. Өмірзақов
      11 мамыр 2012 жылғы

      “КЕЛІСІЛДІ”:

      “Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі”
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А. Ержанов
      11 мамыр 2012 жылғы

      “КЕЛІСІЛДІ”:

      “Ақтау қаласының ішкі істер басқармасы”
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Д. Қойшыбаев
      11 мамыр 2012 жылғы

2012 жылғы 11 мамыр № 263
қала әкімдігінің қаулысына
қосымша

Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген
орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін
сататын уақытша сауда алаңдарының
ТІЗБЕСІ

№ р/с Уақытша сауда алаңдарының орналасқан жері Уақытша сауда алаңдарының түрі Уақытша сауда алаңдарының саны

1

1 шағын аудан, “Рахат” қонақ-үйі жолындағы Тойота Ақтау Орталығына қарама-қарсы

автодүкендерден және сауда шатырларынан

1

2

1 шағын аудан, “Нұр-Плаза” жағажайына қарама-қарсы

сауда шатырларынан

1

3

3 шағын аудан, № 152 үйдің жанындағы автобус аялдамасының артында

сауда шатырларынан

2

4

3а шағын аудан, № 10 және 11 үйлер аралығындағы “Гурман” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жағында

сауда шатырларынан

2

5

4 шағын аудан, № 60 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

6

4 шағын аудан, № 66 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

7

6 шағын аудан, № 33 үйдің жанында

автодүкендерден және сауда шатырларынан

2

8

6 шағын аудан, № 14 үйдің қапталында

автодүкендерден және сауда шатырларынан

1

9

7 шағын аудан, № 6 және 7 үйлер аралығында

сауда шатырларынан

1

10

7 шағын аудан, № 20 үйдің жанында

сауда шатырларынан

2

11

7 шағын аудан, № 28 үйдің жанында

сауда шатырларынан

2

12

9 шағын аудан, № 8 және 9 үйлер аралығында

сауда шатырларынан

1

13

9 шағын аудан, № 14 және 15 үйлер аралығында

сауда шатырларынан

1

14

9 шағын аудан, № 16 және 18 үйлер аралығында

сауда шатырларынан

1

15

11 шағын аудан, № 5 үйдің жанында

сауда шатырларынан

2

16

11 шағын аудан, № 23 және 24 үйлер аралығында

сауда шатырларынан

1

17

12 шағын аудан, № 50 және 51 үйлер аралығында

сауда шатырларынан

2

18

12 шағын аудан, № 17а үй жағындағы № 20 үйдің жанында

сауда шатырларынан

2

19

12 шағын аудан, № 5 үйдің жанында (“Волна” сауда орталығының алдында)

автодүкендерден және сауда шатырларынан

3

20

13 шағын аудан, № 28а үйдің жанында

сауда шатырларынан

2

21

14 шағын аудан, № 16 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

22

14 шағын аудан, № 9 үйдің жанында

сауда шатырларынан

2

23

15 шағын аудан, № 10 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

24

15 шағын аудан, № 35 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

25

21 шағын аудан, “Әлем-Т” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базарының жанында

сауда шатырларынан

2

26

26 шағын аудан, № 19 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

27

26 шағын аудан, № 2 үйдің қапталында

сауда шатырларынан

1

28

27 шағын аудан, № 15 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

29

27 шағын аудан, № 2 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

30

27 шағын аудан, № 6 үйдің жанында

сауда шатырларынан

2

31

27 шағын аудан, № 31 үйдің жанында

сауда шатырларынан

2

32

28 шағын аудан, № 11 үйдің қапталында

сауда шатырларынан

1

33

28 шағын аудан, № 15 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

34

28 шағын аудан, № 31 үйдің қапталында

сауда шатырларынан

1

35

28а шағын аудан, № 7 және 8 үйлер аралығында

сауда шатырларынан

1

36

29 шағын аудан, № 4 үйдің жанында

сауда шатырларынан

1

37

29 шағын аудан, № 15 үйдің қапталында

сауда шатырларынан

1

38

28а шағын ауданда орналасқан жанар май құю станциясына қарама-қарсы, 23 шағын ауданда Ақтау - Жетібай жолының қиылысында

сауда шатырларынан

15

39

Бұрынғы “Меловая” станциясының аумағында, 6 шағын аудандағы № 13 үйге қарама-қарсы

сауда шатырларынан

1

40

ТЭЦ-2 аумағындағы демалыс орнының қиылысына дейін (“Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауыты)

сауда шатырларынан

5

41

“Рауан” тұрғын-үй массивінің аумағында

сауда шатырларынан

2

42

“Химия-тауметаллургиялық комбинаты” зауыты аймағындағы теміржол айрығына дейін

сауда шатырларынан

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады