Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына, денсаулығы зақымданған мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы № 3/16 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 наурызда № 11-2-187 тіркелді. Күші жойылды - Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/122 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 13/122 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-4 Бюджет кодексіне «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына, денсаулығы зақымданған мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - біржолғы әлеуметтік көмек) жергілікті бюджет есебінен келесі мөлшерде берілсін:
      қаза тапқандардың отбасыларына - 1 000 000 (бір миллион) теңге;
      денсаулығы зақымданған азаматтарға - 500 000 (бес жүз мың) теңге.
      2. Біржолғы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды анықтауды жергілікті атқарушы орган құрған арнайы комиссия жүзеге асырады.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Худибаевқа жүктелсін (келісім бойынша).
      4. Біржолғы әлеуметтік көмек беру азаматтардың екінші деңгейлі банктегі есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         С. Машкулов

      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                 С. Мыңбай

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жаңаөзен қаласының әкімі
      С.Трұмов
      12 наурыз 2012 жыл

      «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ж.Бекова
      12 наурыз 2012 жыл

      «Жаңаөзен қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Н.Ғұмарова
      12 наурыз 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады