Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекiту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 мамырда № 11-3-134 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 27/226 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 27/226 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1.Қоса беріліп отырған Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) бекітілсін.

      2"Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді Қағидаға сәйкес қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 27.03.2017 № 11/95 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3.Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке (келісімі бойынша) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Килышаев
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      Нысанбаев Мақсат

      10 сәуір 2012 жыл

      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      Өмірбеков Бөкенбай

      10 сәуір 2012 жыл

  Аудандық мәслихатының 2012 жылғы
10 сәуірдегі № 4/23 шешіміне қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы

      Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі-Қағида), Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы", 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулыларына және 2009 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің Ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум обьектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азаматтардың) алған кірістердің жалпы сомасы;

      кондоминиум обьектісін басқару органы – кондоминиум обьектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі:

      Тұрғын үй көмегі жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) күтіп ұстауға шығындарды төлеу үшін ұсынылады;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;

      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.

      алынып тасталды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 28/192 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 27.03.2017 № 11/95 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум обьектілерінің ортақ мүлігін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Отбасының шекті жол берілетін шығыстардың үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      5.Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үй (пәтері) бар отбасылар немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

      Бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, он сегіз жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, Уәкілетті органда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      6.Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың келесі әлеуметтік нормалары ескеріледі:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:

      адамға шаққанда-18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      жалғыз басты азаматқа -33 шаршы метр,бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      2) электр қуаты нормалары (бір айда):

      бір бөлмелі үйге – 90 киловатт;

      екі бөлмелі үйге – 120 киловатт;

      үш бөлмелі үйге - 150 киловатт.

      3) газ нормалары:

      бір қазандыққа айына – 1200 текше метр;

      газ плитасына бір адамға – 12,5 текше метр.

      4) су пайдалану нормалары:

      Су құбырынсыз қазақ ауылдарға тәулігіне бір адамға –50 литр;

      Су құбырымен тәулігіне – 120 литр.

      7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері көрсетілгені үшін төленетін абоненттік төлем тарифі өсімінің орнын толтыруға арналған төлемақы Бейнеу ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) берілетін тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асады.

      8. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері көрсетілгені үшін төленетін абоненттік төлем тарифі өсімінің орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен анықталады.

      9.Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтер үшін нақты төлем сомасынан аспауы керек.

      10.Тұрғын үй көмегінің мөлшері ай сайын сол айға бекітілген тарифтер тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мен пайдаланылған коммуналдық қызметтер шығындары құны негізінен есептеледі.

      11.Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;

      5) тұрғын үйді ( тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғы үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      9) алынып тасталды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 28/192 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 10.12.2012 № 10/62; 21.04.2014 № 23/156; 27.03.2017 № 11/95 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      14. Уәкілетті орган құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағандығы туралы растама қағазды береді.

      15. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды өтініш берушіден қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды, бұл туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды, бас тартқан жағдайда оның себебін көрсетеді.

      Шешім - Уәкілетті орган маманының және басшысының қолтаңбасы арқылы куәландырылған, тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы құжат болып табылады.

      16. Тұрғын үй көмегі, оны алуға құқығы бар жағдайда, өтініш берген айдан бастап сол тоқсанға тағайындалады.

      Отбасының (азаматтың) табыстарын растайтын құжаттар тоқсан сайын ұсынылғаннан кейін тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу жүргізіледі.

      17. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы он бес күн мерзімде Уәкілетті органға хабарлайды.

      18. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеледі.

      19. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, Уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.

      20. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      21. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін алуға тапсырылған құжаттар негізінде анықталады.

      Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жерлеу үшін берілетін бір жолғы көмек, төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек, кейбір тамақ түрлерінің қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) мемлекеттік бюджеттен ақшалай болмаса табиғи нысанда алынған нақты табысының барлығы, білім алу кезеңінде оқушыларға берілетін ыссы тамақ құны және заттай көмек түрлері, тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегінен басқа, сол кездегі белгіленген мерзімде ақшалай немесе табиғи нысан түрінде алынған барлық нақты табысы кіреді.

      Табысы жоқ отбасылар үшін тұрғын үй көмегін есептеу үшін өткен тоқсандағы жиынтық табысы ретінде кедейлік шегінің мөлшері алынады;

3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      22. Тұрғын үй көмегін төлеу Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерінің басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару Уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.

4. Есеп беру

      23. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің тізімі негізінде ай сайын қызмет көрсетуші кәсіпорындар тағайындалған көмек сомасына екі данада салыстыру актісін жасайды.

      24. Бейнеу аудандық Уәкілетті орган Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне тағайындалған және төленген тұрғын үй көмегінің сомасы туралы тоқсан сайын мәлімет береді.

5. Бақылау

      25. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады