Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 наурызда № 3796 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
      2. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:
      1) әскери басқарудың тиісті жергілікті органдары арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
      2) қалалық және аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етсін, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқармаға) техникалық жұмыскерлердің қажетті санын бөлсін;
      3) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерді (басқарманы) жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, оларды күтіп-ұстауды, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етсін;
      4) әскерге шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты, соның ішінде әскерге шақырылушыларды аудандық, қалалық әскерге шақыру пункттеріне, әскери қызметі өтетін орнына жөнелту үшін облыстық жиын пунктіне жеткізу жөніндегі шығыстарды қарастырылған қаржыландыру шегінде аудандық және қалалық бюджеттер есебінен жүргізсін, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі әскерге шақырылушыларға медициналық куәландыру жүргізу үшін облыстық, қалалық және аудандық медициналық комиссияларды медицина мамандарымен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен толықтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі әскерге шақырылушыларды облыстық жиын пунктінен Қостанай қаласының теміржол вокзалына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Қостанай жол бөлімшесі филиалына (келісім бойынша) "Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің өтінімдері бойынша әскерге шақырылушыларды әскери қызметі өтетін орнына жөнелту үшін жолаушылар поезынан қажетті орын санын бөлу ұсынылсын.
      6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу және командаларды әскери қызметі өтетін орнына жөнелту кезеңінде:
      1) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру;
      2) облыстық жиын пунктінде және темір жол вокзалында әскерге шақырылушыларды әскери қызметі өтетін орнына жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысының ішкі істер департаменті
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ Т. Маткенов

      Қостанай облысының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ М. Шоқпаров

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық
      компаниясы" акционерлік қоғамы
      Қостанай жол бөлімшесі
      филиалының директоры
      ________________ Е. Темірбаев

Әкімдіктің          
2012 жылғы 26 наурыздағы № 142 
қаулысына қосымша      

Әкімдіктің          
2012 жылғы 5 қазандағы № 435  
қаулысына қосымша      

Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2012.10.05 № 435 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады) қаулысымен.

Бектұрғанов
Серік Шыңғысұлы

-

Қостанай облысы әкімінің
орынбасары, комиссия төрағасы

Алдажаров
Асаин Қинашұлы

-

"Қостанай облысының Қорғаныс
істері жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Байжұманова
Гүлшат Қожабайқызы

-

"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі бастығының
медициналық көмек ұйымдастыру
жөніндегі орынбасары–
медициналық комиссияның төрайымы

Файзуллин
Ерлан Жұмасейітұлы

-

"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының ішкі істер
департаменті" мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары
(келісім бойынша)

Маевская
Татьяна Геннадьевна

-

Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
"Қостанай облыстық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
мейірбикесі, комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады