Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 618 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 маусымда № 9-2-214 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1735 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 07.12.2015 № 1735 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота Рудный қаласының барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарындағы, ұйымдары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санынан үш проценті мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш білдірген қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа жіберу барысында осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный
      қаласының әкімі                            Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады