Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 342 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 маусымда № 9-10-184 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі № 430 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 29.07.2013 № 430 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын әр балаға сегіз есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып анықталсын.
      3. Әлеуметтік көмек тиісті оқу жылының ішінде тағайындалатыны белгіленсін.
      4. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операция түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті тұтынушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Е. А. Жаулыбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            Қ. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады