Қазақстан Республикасының 1996 жылы туған ер азаматтарын Қостанай облысы Қамысты ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қарашада № 3871 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімінің 2012.12.10 № 7 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2013 жылғы қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін "Қостанай облысы Қамысты ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Қамысты ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, тіркеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Қамысты ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде тіркеуден жалтарған тұлғаларды іздестіру, әскерге шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде "Қостанай облысы Қамысты ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) өзара іс-қимылды ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Тіркеу жүргізу уақытында әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс- шаралар өткізілсін. "Қостанай облысы Қамысты ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Қамысты аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге нарядтарды оқу орындарына жеткізсін, бастапқы әскери даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары бойынша анықтама материалдарымен қамтамасыз етсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыстың басталуы туралы хабарламалар берсін. Тіркеу уақытында әскери-оқу орындарына түсуге әскери-кәсіби бағыттау мақсатымен әр әскерге шақыру жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу жүргізсін.
      5. Селолық округтер мен селолардың әкімдері тіркелуге жататын азаматтарға хабарлауды ұйымдастырып, олардың әскерге шақыру учаскесіне дер кезінде келулерін қамтамасыз етсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Ахметчин Ғазиз Ғұмарұлына жүктелсiн.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты
      ауданының әкімі                            Е. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы ішкі
      істер министрлігі Қостанай
      облысының Ішкі істер департаменті
      Қамысты ауданының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ________________ С.Қ. Нұртаев

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Қамысты аудандық орталық
      ауруханасы" коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорынының
      бас дәрігері
      ________________ П.В. Жук

      "Қостанай облысы Камысты
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ М.Д. Абраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады