2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 43 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 қаңтарда № 9-12-174 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)14 тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтары осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Ф. Филиппов

Әкімдіктің        
2012 жылғы 11 қаңтардағы 
№ 43 қаулысына қосымша  

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға
арналған халықтың нысаналы топтары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012.04.25 № 186 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.07.20 № 413 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      12. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына, не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      13. Ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (он екі және одан да көп ай).
      14. Техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      15. Елу жастан асқан адамдар.
      16. Алынған мамандығы бойынша тәжірибесі және еңбек өтілі жоқ еңбекпен қамтылмаған жастар.
      17. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
      18. Тиісті жұмысы жоқ, "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады