Мәслихаттың 2012 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 52 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 тамызда № 9-12-197 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 31.10.2014 № 283 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-145 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      мәслихаттың көрсетілген шешімінің қосымшасында:
      2 тараудың 15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Жол берілетін шекті шығыстың үлесі қосынды табыстан 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессия төрағасы                М. Агдавлетов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________ Т. Салмина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады