Мәслихаттың 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012 жылғы 15 қазандағы № 65 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 қазанда № 3852 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 283 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 31.10.2014 № 283 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қарабалық аудандық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-145 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      мәслихаттың көрсетілген шешімінің қосымшасында:
      1-тараудың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарабалық ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстардың, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнының сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
      3-тараудың 22-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "22. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша, тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминимум нысандарын басқару органдарының банктік шоттарына аударылып екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясының төрағасы          А. Утешов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Т. Салмина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады