Қарасу ауданында 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 77 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 наурызда № 9-13-147 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданында 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi анықталсын.
      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Б. Уәлиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қарасу ауданы әкімiнің
      міндетін атқарушысы                        А. Қисиқов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасу ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________________ А. Ерменова

Әкімдіктің      
2012 жылғы 5 наурыздағы
№ 77 қаулысына қосымша

Қарасу ауданында 2012 жылға арналған
халықтың нысаналы топтарына жататын
тұлғалардың қосымша тiзбесi

      1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар.
      3. Елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      4. Үш ай және одан көп ай жұмыс iстемеген жұмыссыз тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады