Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2012 жылы ұсыну туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 15 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 ақпанда № 9-14-169 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.05.22 № 39 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнер-кәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2012 жылы ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2012.05.22 № 39 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      екінші сессиясының төрағасы                А. Аксаутова

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы
      әкімдігінің "Экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ З. Кенжегарина

      Қостанай ауданы
      әкімдігінің "Ауыл
      шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ М. Сартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады