Евгенов ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов селосы әкімінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 мамырда № 9-18-168 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" деген сөздері "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов ауылы әкімдігінің 06.05.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес, Павлов ауылдық округінің әкімі халқының пікірін ескеріп ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 09.02.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Евгенов ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:

      1) № 1 атаусыз көшесіне - Целинная көшесі;

      2) № 2 атаусыз көшесіне - Шанхай көшесі;

      3) № 3 атаусыз көшесіне - Совхозная көшесі;

      4) № 4 атаусыз көшесіне - Молодежная көшесі;

      5) № 5 атаусыз көшесіне - Малая көшесі;

      6) № 6 атаусыз көшесіне - Школьная көшесі;

      7) № 7 атаусыз көшесіне - Элеваторная көшесі;

      8) № 8 атаусыз көшесіне - Рабочая көшесі;

      9) № 9 атаусыз көшесіне - Центральная көшесі;

      10) № 10 атаусыз көшесіне - Строительная көшесі.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Б. Хасенов




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады