2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 11 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 17 ақпанда № 9-20-212 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 4-13/33 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013.01.11 № 4-13/33 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, олар үшін лайықты жұмыс болмаған жағдайда;
      21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      орта арнайы және кәсіптік білім беру ұйымдарының, сондай-ақ, кәсіптік қайта даярлау курстарының түлектері;
      жұмысқа орналастыру үшін жасы ұлғайған адамдар (елу жастан асқан).
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012.06.12 № 161 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады