Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 111 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 мамырда № 9-20-219 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 124 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 124 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Федоров ауданының кәсіпорындарында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Федоров ауданының кәсіпорындарында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарын жалпы санының бір пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      3. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне, жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Федоров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуі тізілімінде № 9-20-209 тіркелген, 2012 жылғы 1 наурыздағы № 9 "Федоровские новости" газетінде жарияланған).
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ахметов

      Келісілді
      "Федоров аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң
      бастығы
      _________________Т. Волоткевич

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады