Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағы туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 112/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 мамырда N 3207 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16123-баптарына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына1848-баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      ауылдық округтердің аумақтарында жер пайдаланушылары мен жер телімдерінің меншік иелерінен қайтарып алусыз, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің сыртқы шекарасы бойында ені екі шақырым, жалпы ауданы 67420 га болатын қорғау аймағы;
      Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекара конфигурациясына сәйкес келетін көрсетілген қорғау аймағының шекарасы;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 364 бұйрығымен бекітілген инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын әзірлеу бөлігіндегі Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің техникалық-экономикалық негіздемесін түзету жобасына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 48-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес көрсетілген қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі бекітілсін.
      2. "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің директорына (келісім бойынша) қорғау аймағының шекарасын арнайы таңбалармен белгілеу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Қ. Әшімбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Арын

Об охранной зоне Баянаульского государственного национального природного парка

Постановление акимата Павлодарской области от 20 апреля 2012 года N 112/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 24 мая 2012 года N 3207

      В соответствии со статьями 16123 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, подпунктом 11) пункта 2   статьи 10, статьями 1848 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях" и подпунктом 9)   пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить:
      охранную зону на территории сельских округов вдоль внешней границы Баянаульского государственного национального природного парка, шириной два километра, общей площадью 67420 га, без изъятия у землепользователей и собственников земельных участков;
      границу указанной охранной зоны, аналогичную конфигурации границы Баянаульского государственного национального природного парка;
      режим и порядок природопользования на территории указанной охранной зоны в соответствии с проектом корректировки технико-экономического обоснования Баянаульского государственного национального природного парка в части разработки генерального плана развития инфраструктуры, утвержденным приказом Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 декабря 2007 года N 364, и требованиями, установленными статьей 48 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях".
      2. Рекомендовать директору государственного учреждения "Баянаульский государственный национальный природный парк" (по согласованию) обозначить на местности специальными знаками границы охранной зоны.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима области Ашимбетова Н.К.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области                               Е. Арын