Байланыс формасы

"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы N 354/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қаңтарда N 3332 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 06 мамырдағы № 154/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 06.05.2014 № 154/5 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" N 845 және 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 1315 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің ұсынылып отырған регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Д. Әбдіқалықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      облыс әкімі                                Е. Арын

Павлодар облысы әкімдігінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
N 354/12 қаулысымен   
бекітілген       

"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы,
сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ
бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметі) осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес көрсетілген мемлекеттік уәкілетті органдары (бұдан әрі – Уәкілетті органдар), немесе балама негізінде "Павлодар облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының қалалар мен аудандар бөлімдері (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетіледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы "Жарнама туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасы және 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" N 845 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" N 121 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен уәкілетті органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы" 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 845 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 1315 қаулысы (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе қағаз тасығышта облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Уәкілетті органдардың және орталықтардың орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 12-қосымшаларында көрсетілген.
      7. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органдардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзілісі бар, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында көрсетіледі.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемесі Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлғадан (бұдан әрі - Алушы) өтініш алынған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алушыға беру сәтіне дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдік іс-әрекеті:
      1) уәкілетті органның қызметкері өтінішті тіркейді және уәкілетті органның басшысына қарастыруға құжаттарды тапсырады;
      2) уәкілетті органның басшысы ұсынылған құжаттармен өтінішті қарастырады және уәкілетті органның тиісті бөлімінің бастығына тапсырады;
      3) уәкілетті органның тиісті бөлімінің бастығы өтініш пен ұсынылған құжаттардың нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастырады және уәкілетті органның бөлімшесінің тиісті бөлімінің маманына тапсырады;
      4) уәкілетті органның тиісті бөлімінің маманы рұқсатты немесе паспортты беру үшін қажетті құжаттар, немесе рұқсатты немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және уәкілетті органның басшысына тапсырады;
      5) уәкілетті органның басшысы рұқсатқа немесе паспортқа, немесе рұқсатты немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның қызметкеріне тапсырады;
      6) уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға рұқсатты немесе паспортты, немесе рұқсатты немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
әрекеттердің (өзара әрекеттердің) сипаттамасы

      12. Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      13. Уәкілетті органдарға немесе орталыққа құжаттарды тапсырғаннан кейін алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының немесе орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.
      Уәкілетті органдарда өтініш жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркеледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мынадай құрылымдық-қызметтік бірліктер (бұдан әрі – Бірліктер) қатысады:
      1) уәкілетті органның қызметкері;
      2) уәкілетті органның басшысы;
      3) уәкілетті органның тиісті бөлімінің бастығы;
      4) уәкілетті органның тиісті бөлімінің маманы.
      15. Әрбір әрекеттің орындалу мерзімін көрсетумен әрбір бірліктің әрекетінің бірізділігін мәтіндік кестелік сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      16. Бірліктердің әрекеттер бірізділігі сызбасы осы регламенттің  2-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      17. Уәкілетті органның басшысы алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуде қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе мерзімдердің орындалмауына жауапты болып табылады.

"Облыстық және аудандық маңызы  
бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ
елді мекендердегі автомобиль   
жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы
(көрнекі) жарнама орналастыруға 
рұқсат беру" мемлекеттік   
қызмет көрсету регламентіне  
1-қосымша         

Бірліктер әрекетінің сипаттамасы


Үдерістің әрекеттері

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) N

1

2

3

4

5

6

2

Бірліктер атауы

уәкілетті органның қызметкері

уәкілетті органның басшысы

уәкілетті органның тиісті бөлімінің бастығы

уәкілетті органның тиісті бөлімінің маманы

уәкілетті органның басшысы

уәкілетті органның қызметкері

3

Әрекеттің атауы және оның сипаттамасы

Өтінішті тіркеу және уәкілетті органның басшысына қарастыруға құжаттарды тапсыру

Ұсынылған құжаттармен өтінішті қарастыру және уәкілетті органның тиісті бөлімінің бастығына тапсыру

Өтініш пен ұсынылған құжаттардың нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкестігін қарастыру және уәкілетті органның тиісті бөлімінің маманына тапсыру

Рұқсатты немесе паспортты беру үшін қажетті құжаттар, немесе рұқсатты немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау және уәкілетті органның басшысына тапсыру

Рұқсатқа немесе паспортқа, немесе рұқсатты немесе паспортты беруден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою және уәкілетті органның қызметкеріне тапсыру

Алушыға рұқсатты немесе паспортты, рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Өтінішті қабылдау

Өтінішті қарастыру

Өтінішті қарастыру

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыру

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол кою

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

5

Орындау мерзімі

20 минут

30 минут

1 сағат

2 жұмыс күні

20 минут

1 жұмыс күні

6

Келесі әрекет нөмірі

2

3

4

5

6


"Облыстық және аудандық маңызы  
бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ
елді мекендердегі автомобиль   
жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы
(көрнекі) жарнама орналастыруға 
рұқсат беру" мемлекеттік   
қызмет көрсету регламентіне  
2-қосымша         

Бірліктер әрекетінің сипаттамасының сызбасы

"Облыстық және аудандық маңызы  
бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ
елді мекендердегі автомобиль   
жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы
(көрнекі) жарнама орналастыруға 
рұқсат беру" мемлекеттік   
қызмет көрсету регламентіне  
3-қосымша         

Уәкілетті мемлекеттік органдар тізімі

N р/с Мемлекеттік орган атауы Толық заңдық мекен-жай Байланыс телефоны, электрондық поштаның мекенжайы

1.

"Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 153, 1-қабат

8(7182) 61-82-65, kense.da@pavlodar.gov.kz

2.

"Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 59, 409-кабинет

8(7182) 32-07-88 kense.dtt@pavlodar.gov.kz

3.

"Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 703-кабинет

8(7182) 32-08-94, 32-06-38 kense.oa.ap@pavlodar.gov.kz

4.

"Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 1-қабат

8(7182) 32-04-06 org.ozh.ap@pavlodar.gov.kz

5.

"Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 а., 1-қабат

8(71837) 6-09-09 5-64-84 archaksu@mail.ru

6.

"Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21а, 107-кабинет

8(71837) 5-02-56 aksujkh@mail.ru

7.

"Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, Дүйсенбаев көшесі, 34, 1-қабат

8(7187) 75-55-01, 75-56-60 arch_ekb@mail.ru

8.

"Екібастұз қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, Строительная көшесі, 70 а., 1 қабат

8(71877) 75-01-30 gu_ojkh@mail.ru

9.

"Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлин көшесі, 97, 3-қабат, 7-кабинет

8(71841) 2-21-56 8(71841) 2-20-62 otd_str-akt@mail.kz

10.

"Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлин көшесі, 97, 2-қабат, 8-кабинет

8(71841) 2-13-58 otd_zkh-aktogay@mail.ru

11.

"Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 45, 1-қабат

8(71840) 9-22-34, 9-23-54

otdel-stroitelstva@mail.ru

12.

"Баянауыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 45, 1-қабат

8(71840) 9-12-08

bayan_jkh1@mail.ru

13.

"Железин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 7, 1-қабат

8(71831) 2-23-96, 2-19-69 zhelstroj@gmail.com

14.

"Железин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуэзов көшесі, 19, 208, 209-кабинеттер

8(71831)2-12-19 8(71831)2-16-53 kense.azhr@pavlodar.gov.kz

15.

Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Байзақов көшесі, 14, 1-қабат

8(71832)2-35-63 2-12-50, 2-29-07 irtstroiteli@mail.ru

16.

"Ертіс ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Байзақов көшесі, 14, 1-қабат

8(71832) 2-22-59 2-38-79 irt.zhkx@mail.ru

17.

"Қашыр ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қашыр ауданы, Елгин көшесі, 172, 31-кабинет

8(71833) 21-1-65 2-15-00 os.akr@pavlodar.gov.kz

18.

"Қашыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қашыр ауданы, Елгин көшесі, 172, 108-кабинет

8(71833) 2-18-85 21-8-85 marshinin.akr@pavlodar.gov.kz

19.

"Лебяжье ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжье ауданы, Аққу ауылы, Баймолдин көшесі 13, 1-қабат

8(71839) 2-14-31 21-4-01 arhitekturaleb@mail.ru

20.

"Лебяжье ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжье ауданы, Аққу ауылы, Мир көшесі, 2, 1-қабат

8(71839) 2-13-09 zhkx_leb@mail.ru

21.

"Май ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май көшесі, Көктөбе ауылы, Әйтеке би көшесі, 18, 1-қабат

8(71838) 9-20-65 kense.amr@pavlodar.gov.kz

22.

"Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май көшесі, Көктөбе ауылы, Әйтеке би көшесі, 18, 1-қабат

8(71838) 9-11-52 kense.amr@pavlodar.gov.kz

23.

"Павлодар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 305, 303-кабинеттер

8(7182) 32-94-62 32-30-14 arystanbekova.ds@pavlodar.gov.kz

24.

"Павлодар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 409, 408-кабинеттер

8(7182) 32-08-43 32-83-53 m.sogumbaeva@mail.ru

25.

"Успен ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы, Успен ауылы, Тәуелсіздікке, 10 жыл көшесі, 30, 2-қабат 8(71834) 9-10-30 9-11-09

stroi_usp@mail.kz janabai.usp.kz@mail.ru

26.

"Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы, Успен ауылы, Ленин көшесі, 70, 1-қабат

8(71834) 9-17-41 erjan2010@mail.kz

27.

"Шарбақты ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шарбакты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51, 8-кабинет

8(71836) 2-30-31 2-34-91 bukenov_ermek@mail.ru

28.

"Шарбақты ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбакты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51, 10-кабинет

8(71836) 2-32-60 2-16-64 gkhcserb@mail.ru

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады