Ақсу қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы "Ақсу қаласында 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 84/2 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі N 615/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қазанда N 3234 тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 2014 жылғы 06 қазандағы N 1-22/1253 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 06.10.2014 N 1-22/1253 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы "Ақсу қаласында 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 84/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 12-2-194 болып тіркелді және 2012 жылғы 20 наурызда N 22-23 "Ақжол-Новый путь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстар өтетін ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздерін, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстардың тізбесі қосымшасында 4, 6, 13, 15-тармақтар жаңа редакцияда мазмұндалсын:

"

4.

"Ақсу қаласы Қалқаман ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

22 км жалпы арақашықтығымен ауыл көшелері аумағын абаттандыру және жинау: жаяу жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау, әкімшілік ғимараттың айналасынан қарды жинау, ауыл көшелерінің, орталық алаңдардың, шағын бақтардың, ескерткіштің айналасынан қоқыстарды жинау, ауыл аумағының жол жиектерін, айрық жолдарын тазалау, ағаштар мен бұталарды кесу, кепкен ағаштарды кесу, жиектемелерді, ағаштарды әктеу, шөптерді шабу, гүлзарларды қазу, суару. 1,5 км арақашықтығы-мен кіреберіс жолдарды қоқыстан тазалау.

КБМ күзету және қызмет көрсету. Коммуналдық меншік объектілерін күзету.

Құжаттарды ресімдеуге техникалық көмек көрсету. Ауылдың 927 ауласында қосалқы шаруашылықтардың санағын өткізу.

8 сағаттық жұмыс күні, 5 күндік жұмыс аптасы.

14

14

Жалақының ең төмен мөлшері

Қалалық бюджет

      ";

6.

"Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10 км жалпы арақашықтығымен ауыл көшелері аумағын абаттандыру және жинау: жаяу жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау, әкімшілік ғимараттың айналасынан қарды жинау, ауыл көшелерінің, орталық алаңдардың, шағын бақтардың, ескерткіштің айналасынан қоқыстарды жинау, ауыл аумағының жол жиектерін, айрық жолдарын тазалау, ағаштар мен бұталарды кесу, кепкен ағаштарды кесу, жиектемелерді, ағаштарды әктеу, шөптерді шабу, гүлзарларды қазу, суару. 5 км арақашықтығымен кіреберіс жолдарды қоқыстан тазалау.

Коммуналдық меншік объектілерін күзету.

Құжаттарды ресімдеуге техникалық көмек көрсету. Ауылдың 352 ауласында қосалқы шаруашылықтардың санағын өткізу.

8 сағаттық жұмыс күні, 5 күндік жұмыс аптасы.

10

10

Жалақының ең төмен мөлшері

Қалалық бюджет

";

13

"Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

14 км жалпы арақашықтығымен ауыл көшелері аумағын абаттандыру және жинау: жаяу жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау, әкімшілік ғимараттың айналасынан қарды жинау, ауыл көшелерінің, орталық алаңдардың, шағын бақтардың, ескерткіштің айналасынан қоқыстарды жинау, ауыл аумағының жол жиектерін, айрық жолдарын тазалау, ағаштар мен бұталарды кесу, кепкен ағаштарды кесу, жиектемелерді, ағаштарды әктеу, шөптерді шабу, гүлзарларды қазу, суару. 8 км арақашықтығымен кіреберіс жолдарды қоқыстан тазалау.

КБМ күзету және қызмет көрсету.

Коммуналдық меншік объектілерін күзету.

Құжаттарды ресімдеуге техникалық көмек көрсету. М. Омаров атындағы ауылдың 265 ауласы, Дөнентаев ауылының 49 ауласында, Сырлықала ауылының 43 ауласында, Көктерек ауылының 16 ауласында қосалқы шаруашылығының санағын өткізу.

8 сағаттық жұмыс күні, 5 күндік жұмыс аптасы.

15

15

Жалақының ең төмен мөлшері

Қалалық бюджет

      ";

15.

"Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

10 км жалпы арақашықтығымен ауыл көшелері аумағын абаттандыру және жинау: жаяу жолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау, әкімшілік ғимараттың айналасынан қарды жинау, ауыл көшелерінің, орталық алаңдардың, шағын бақтардың, ескерткіштің айналасынан қоқыстарды жинау, ауыл аумағының жол жиектерін, айрық жолдарын тазалау, ағаштар мен бұталарды кесу, кепкен ағаштарды кесу, жиектемелерді, ағаштарды әктеу, шөптерді шабу, гүлзарларды қазу, суару. 2 км арақашықтығымен кіреберіс жолдарды қоқыстан тазалау.

Коммуналдық меншік объектілерін күзету.

Құжаттарды ресімдеуге техникалық көмек көрсету. Қызылжар ауылының 524 ауласында, Борықтал ауылының 36 ауласында қосалқы шаруашылықтардың санағын өткізу.

8 сағаттық жұмыс күні, 5 күндік жұмыс аптасы.

7

7

Жалақының ең төмен мөлшері

Қалалық бюджет

мынандай мазмұндағы реттік нөмірі 38-жолмен толықтырылсын:

"

38.

Ақсу қаласы әкімдігінің "Ақсу қаласының Қалқаман ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалқаман-Коммунсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Су құбырын, КБМ күзету және қызмет көрсету.

Коммуналдық меншік объектілерін күзету.

8 сағаттық жұмыс күні, 5 күндік жұмыс аптасы.

30

30

Жалақының ең төмен мөлшері

Қалалық бюджет

      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады