Ертіс ауданының 1995 жылы туған азаматтардың жазылуын өткізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімінің 2012 жылғы 27 ақпандағы N 2 шешімі. Павлодар облысы Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 наурызда N 12-7-134 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімі аппарат жетекшісінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі N 1-27/489 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Ертіс аудандық әкімі аппарат жетекшісінің 25.09.2013 N 1-27/489 хаты).

       Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына, 2006 жылдың 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына, 2005 жылдың 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының әскери басқару жергілікті органдары туралы  ережені бекіту туралы" N 1232 ҚҚҮ қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. "Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ҚІБ) шақыру учаскесіне 2012 жылғы наурыз айында 1995 жылы туған ер азаматтардың жазылулары бойынша шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға және ҚІБ бастығы Н.Ж. Науразбековке (келісім бойынша) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Ағжанов

      Келісілді

      Ертіс ауданының
      ҚІБ бастығы                                Н. Науразбеков
      27 ақпан 2012 жыл

      Келісілді

      "Ертіс ауданының емханасы"
      коммуналдық қазыналық мемлекеттік
      кәсіпорнының бас дәрігері                  Р. Керимбаев
      27 ақпан 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады