1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2012 жылғы 04 қаңтардағы N 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қаңтарда N 12-10-119 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" N 371 қаулысына сәйкес және 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. 2012 жылғы қаңтар - наурыз айларында есепке алу жылында он жеті жасқа толған ер азаматтарды, сонымен қатар жасы асқан, бұрын есепке алынбағандарды "Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – шақыру учаскесі) есепке алу жұмыстары жүргізілсін.
      2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес және резервттік комиссиясы 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Ауданның селолық округ әкімдері, бағыныштылығы мен меншік нысанына байланыссыз (келісім бойынша) ұйымдар мен мекемелердің басшылары:
      1) есепке алынатын азаматтарды уақытылы хабарлаумен қатар шақырту учаскесіне мезгілінде жеткізуді қамтамасыз етсін;
      2) есепке алынатын азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке алуға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатсын.
      4. "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 1995 жылы туған азаматтарды тіркеу шараларын мерзімді, сапалы түрде жүргізу және құжаттарымен жұмыс істеу үшін Май ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімін 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында екі техникалық қызметкермен қамтамасыз етсін.
      5. Май аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Қ. Қазбеков (келісім бойынша):
      1) есепке тұратын азаматтарды медициналық анықтау өткізу үшін маман - дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;
      2) есепке алынатын азаматтарды тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын.
      6. Май ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Д.М. Қайыров (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      7. "Май ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2012 жылғы шығыстар сметасына сәйкес қаражат бөлсін.
      8. "Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) аудан әкіміне есепке алуды өткізу нәтижелері туралы ақпарат ұсынсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Пішенбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Май ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы,
      майор                                      Н. Аманжолов
      4 қаңтар 2012 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Май ауданының ішкі істер бөлімінің
      бастығы, подполковник                      Д. Қайыров
      4 қаңтар 2012 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Май аудандық орталық
      аурухананың бас дәрігері                   Б. Қазбеков
      4 қаңтар 2012 жыл

Май ауданы әкімінің 2012 жылғы
4 қаңтардағы N 1 шешіміне  
1-қосымша         

Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу
жөніндегі комиссиясының құрамы

Аманжолов Нұржан Уәліханұлы

- ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Ахамбаев Манарбек Ерғанатұлы

- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

Арынов Аділбек Серікұлы

- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарының м. а. (келісім бойынша);

Нурсейітов Ерболат Нурсейітұлы

- аудандық емханасының менгерушісі – дәрігерлік комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);

Арманова Гүлжан Арманқызы

- медбибі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Май ауданы әкімінің 2012 жылғы
4 қаңтардағы N 1 шешіміне  
2-қосымша         

Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу
жөніндегі резервттік комиссиясының құрамы

Найманов Жасұлан Бақыткелдіұлы

- әскери қызметкерлерді келісім шарт бойынша алу және шақыру бөлімше бастығы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, комиссия төрағасы;

Андасов Төлеухан Дүйсенбайұлы

- ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Забиев Берик Аристотельұлы

- ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Құсаинова Рымгүл Қабылбекқызы

- педиатр дәрігері – дәрігерлік комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);

Хисамова Әсімгүл Асланқызы

- медбибі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады