"Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы N 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы N 207 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 4 қыркүйекте N 1817 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы N 180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 26.05.2016 N 180 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 326 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1764 тіркелді, 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 156 "Солтүстік Қазақстан", 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 156 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Облыстың жұмыс берушілеріне жұмыс орындарына мынадай квота белгіленсін:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады