"Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы N 5/15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 30 қарашадағы N 9/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 желтоқсанда N 2032 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 5/15 шешіміне (Мемлекеттік тіркеу реестрінде 2012 жылғы 20 шілде № 1807 тіркелген, 2012 жылғы 28 шілдеде № 88 "Солтүстік Қазақстан", № 88 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Иттер мен мысықтарды ұстау ережесіндегі:
       10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "10. Иттерді таластыруды ұйымдастыру мен өткізуге жол берілмейді.";
       12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "12. Иттер мен мысықтардың иелері жануарларын ветеринарлық мекемелерден ветеринарлық паспорттар алу жолымен тіркеуге қоюға тиісті.".
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
ІX сессиясының төрағасы
C. Ахметбеков
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
хатшысы
Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады