Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі Аралағаш ауылы көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Аралағаш селолық округі әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қарашада N 1929 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің 23.08.2018 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Аралағаш ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып,Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Осы шешімін қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Аралағаш ауылы көшелеріне атау берілсін.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме калдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б.Сәдуақасов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың аудандық мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы О. Плищенко
      2012ж 26 қыркүйек
      "Аққайың ауданының құрылыс
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы А. Шабаев
      2012ж 26 қыркүйек

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округ әкімінің 2012 жылғы 26 қыркүйек 10 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылының көшелеріне атаулары

      Бірінші көше - Желтоқсан көшесі

      Екінші көше - Центральная көшесі

      Үшінші көше - Абай көшесі

      Төртінші көше - Ж.Жабаев көшесі

      Бесінші көше - Молодежная көшесі

      Алтыншы көше - Новостроительная көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады