Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің Безлесное ауылы көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Власовка селолық округі әкімінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі N 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қарашада N 1938 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің 11.07.2018 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Безлесное ауылы тұрғындардың пікірін ескере отырып,Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің Безлесное ауылы көшелеріне атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Н. Гонтарь
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы О. Плищенко
      2012 жыл 27 қыркүйек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың ауданының құрылыс бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шабаев
      2012 жыл 27 қыркүйек

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 9 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы Власовка ауылдық округінің Безлесное ауылы көшелерінің атауы

      Бірінші көше - Ленин көшесі

      Екінші көше - Маяковский көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады