Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округінің Барыкөл ауылы көшесіне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы селолық округі әкімінің 2012 жылғы 8 қазандағы N 12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қарашада N 1946 тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округі әкімінің 24.08.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Барыкөл ауылы тұрғындардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округінің Барыкөл ауылы көшесіне атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Н. Стригун
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың аудандық мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы О. Плищенко
      2012 жыл 8 қазан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың аудандық құрылыс бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шабаев
      2012 жыл 8 қазан

  Округ әкімінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 12 шешіміне Қосымша

Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қиялы ауылдық округінің Барыкөл ауылы көшесінің атауы

      Бірінші көше - Барыкөл көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады