Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Тоқшын ауылының құрам бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын селолық округі әкімінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 39 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда N 2085 болып тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" сөздері " ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 20.08.2018 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Тоқшын ауылы тұрғындардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Тоқшын ауылының құрам бөліктеріне атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б. Имантаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы О. Плищенко
      2012 жыл 10 желтоқсан
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың ауданының құрылыс бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шабаев
      2012 жыл 10 желтоқсан

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 39 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Тоқшын ауылының құрам бөліктерінің атауы

      1) № 1 проезд - проезд Бірінші;

      2) № 2 проезд - проезд Екінші;

      3) № 3 проезд - Проезд Үшінші;

      4) № 1 көше - Восточная көшесі;

      5) № 2 көше - Аркадий Гайдар көшесі;

      6) № 3 көше - Максим Горький көшесі;

      7) № 4 көше - Завосточная көшесі;

      8) № 5 көше - Қазақстан көшесі;

      9) № 6 көше - Михаил Калинин көшесі;

      10) № 7 көше - Сергей Киров көшесі;

      11) № 8 көше - Наталья Ковшова көшесі;

      12) № 9 көше - Владимир Ленин көшесі;

      13) № 10 көше - Лесной көшесі;

      14) № 11 көше - Владимир Маяковский көшесі;

      15) № 12 көше - Мир көшесі;

      16) № 13 көше - Иван Мичурин көшесі;

      17) № 14 көше - Молодежный көшесі;

      18) № 15 көше - Новая көшесі;

      19) № 16 көше - Новостройка көшесі;

      20) № 17 көше - Озерная көшесі;

      21) № 18 көше - Парковая көшесі;

      22) № 19 көше - Александр Пушкин көшесі;

      23) № 20 көше - Рабочий көшесі;

      24) № 21 көше - Садовая көшесі;

      25) № 22 көше - Советская көшесі;

      26) № 23 көше - Степная көшесі;

      27) № 24 көше - Урожайный көшесі;

      28) № 25 көше - Школьный көшесі;

      29) № 26 көше - Юбилейный көшесі;

      30) № 27 көше - Тоқшын көшесі;

      31) № 28 көше - Олег Кошевой көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады