Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал және Шардара аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 30 мамырдағы № 4/36-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 207 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 шілдеде № 2093 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал және Шардара аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің бірлескен ұсыныстарын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Мақтаарал ауданының әкімшілік шекарасына Шардара ауданынан берілетін 8500,0 гектар жерді қосу жолымен Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал және Шардара аудандарының әкімшілік шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     Ә.Досболов
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Қ.Ержан
      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов
      Облыс әкімінің бірінші орынбасары          Б.Оспанов
      Облыс әкімі аппаратының басшысы            Б.Жылқышиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Б.Әлиев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Ә.Бектаев
      Облыс әкімінің орынбасары                  С.Қаныбеков
      Облыс әкімінің орынбасары                  С.Тұяқбаев
      Оңтүстік Қазақстан облысы экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы                      Е.Садыр
      Оңтүстік Қазақстан облысы
      қаржы басқармасының бастығы                Р.Исаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады