Созақ аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 1 және Созақ аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 163 "Таукент поселкесі әкімшілігінің шекарасын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 наурыздағы № 96/1 шешімі және Созақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 12 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 8 мамырда № 14-12-140 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Таукент поселкесі әкімшілігінің шекарасын өзгерту туралы» Созақ аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 1 және Созақ аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 163 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-21 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 27 мамырда «Молшылық үшін» газетінің 24 нөмірінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Таукент поселкесінің шекарасын өзгерту туралы»;
      кіріспесінде:
      «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ аудандық мәслихатының
      ІІІ сессиясының төрағасы:                  А.Аймұрзаев

      Созақ аудандық мәслихатының хатшысы:       А.Аймұрзаев

      Созақ ауданы әкімі:                        Б.Мейірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады