Абай ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы N 149 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 07 ақпанда N 5-5-136 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 386 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013.03.26 № 386 қаулысымен.
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмыспен қамту саясатын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Абай ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 05 маусымдағы № 48 «2009-2011 жылдары мүгедектер үшiн жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы қаулысының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылы 15 шілде де № 5–5–95 болып тіркелген, 2009 жылы 15-31 шілде де «Абай елі» аудандық газетінің № 14 (072) санында жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкiмiнiң орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкiмi                                    Т. Мүсәпірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады