2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі N 172 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 мамырда N 5-7-117 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы N 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2013.01.30 N 32 қаулысымен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 272831 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай – ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Аумақтық бiрлiк әкiмдерi әскерге шақырылушыларды ауданның қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және дер кезiнде келуiн ұйымдастырсын.
      5. «Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» МКҚК директоры (Ш. Омаровқа) ұсынылсын:
      1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;
      2) қосымша тексерілу үшін жатып емделетін, емдеу-сауықтыру мекемелерінде бос орындар ұстау;
      3) мерзімді әскери қызметке шақыру өткеннен кейін, емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың тізімін және қай емдеу мекемелеріне тіркелгені туралы мәліметтерді беру.
      6. Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығына (Р. Ахметовке) ұсынылсын:
      1) шақыру медициналық комиссиясының жұмысы кезінде тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлу;
      2) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттерi мен қылмыстары үшiн тергеуде жүрген, тiркелуге тиiстi азаматтар туралы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге хабарлау.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Рахметуллинге жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                 К. Байгонусов
      
      Келісілді:
      
      Бесқарағай ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы                   С. Айтказин
      
      Бесқарағай ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы                              Р. Ахметов
      
      «Бесқарағай аудандық медицина
      бірлестігі » МКҚК директоры                     Ш. Омаров

Бесқарағай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 24 сәуір № 172
қаулысына 1 қосымша

Аудандық шақыру комиссияның құрамы

      Рахметуллин Ерболат Еренулы - Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
      Айтказин Сабыржан Секерханович - Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
      
      Комиссия мүшелері:
      
      Казакпаев Дулат Толегенович - Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      Шортомбаев Адлет Бекбулатович - «Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
      Шакирова Перизат Кумархановна - «Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
      
      
      Аппарат басшысы                              Т. Глазинский

Бесқарағай әкімдігінің
2012 жылғы 24 сәуір № 172
қаулысына 2 қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі


р/с

Ауылдық
округтердің атауы

барлығы

12.04.
2012

02.10.
2012

16.04.
2012

03.10.
2012

17.04.
2012

04.10.
2012

19.04.
2012

05.10.
2012

23.04.
2012

08.10.
2012

24.04.
2012

09.10.
2012

1

Бесқарағай

40






40

2

Беген

20



20




3

Баскөл

25

25






4

Глуховка

25

25






5

Долон

15


15





6

Канонерка

25



25




7

М-Владимировка

26


26





8

Семияр

26




26



9

Қарабас

35




20

15


10

Ерназар

35





35



Барлығы:

272

50

41

45

46

50

40

        
      Бесқарағай ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлім бастығы            С. Айтказин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады