Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 мамырдағы N 363 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 21 мамырда N 5-8-150 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 04 сәуірдегі № 911 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының 2013.04.04 № 911 хаты).
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 12162728293031-баптары, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығы, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
      2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шағарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
      4. Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры У.М. Эфендиевке:
      1) әскерге шақырылушыларды толық медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;
      2) стационарларда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде стационарлық тексеру жағдайында әскерге шақырылушылардың денсаулығын тексеру мақсатында қажетті орындар қалдыру;
      3) әскерге шақырылушыларды дер кезінде және сапалы тексеру, сонымен қатар емдеуді бақылауға алу ұсынылсын.
      5. Кенттік және ауылдық округтердің әкімдеріне:
      1) олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандықтары туралы әскерге шақырылушыларды хабардар ету және қорғаныс істері жөніндегі бөліммен белгілеген күндері шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етілсін;
      2) бекітілген кесте бойынша әскерге шақырылушылар жеткізілсін және жіберілсін.
      6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Р.Т. Рамазановқа:
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бұрын сотталған, жазасын өтеп келген, тергеудегі әскерге шақырылушылар туралы ақпарат беру;
      2) шақыру және жіберу кезінде шақыру пунктіне жасақ бөлу, тәртіп сақтауды қамтамасыз ету;
      3) әскери міндеттіліктен жалтарған тұлғалардың іздестіруін жүргізу ұсынылсын.
      7. «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 308 қаулысының күші жойылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                          Г. Акулов
      
      Келісілді:
      
      Бородулиха ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі                       2012 ж. 2 мамыр
      бөлімінің бастығы                               С. Сатыбалдиев
      
      Бородулиха ауданының ішкі                       2012 ж. 2 мамыр
      істер бөлімінің бастығы                         Р. Рамазанов
      
      Бородулиха ауданының медициналық
      бірлестігі коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорынының директоры               2012 ж. 2 мамыр
                                                      У. Эфендиев

      Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2012 ж. 3 мамырдағы
      № 363 қаулысына
      1 қосымша

      Шақыру комиссиясының құрамы

      Шақыру комиссиясының төрайымы:
      Рыскүл Абузарқызы Атаева – аудан әкімінің орынбасары;

      Шақыру комиссиясы төрайымының орынбасары:
      Сатбек Жақыпұлы Сатыбалдиев – Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);

      Комиссия мүшелері:

      Жандарбек Елубайұлы Қошанаев – Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      Алтынай Рашидқызы Орынханова – Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының емдік жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары, шақыру комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша);

      Шақыру комиссияның хатшысы:
      Юлия Абыталыбқызы Талыбова - Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мейірбикесі (келісім бойынша).

      Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2012 ж. 3 мамырдағы
      № 363 қаулысына
      2 қосымша

      Шақыруды өткізу
      КЕСТЕСІ

Кенттік және ауылдық округтердің атаулары

Барлығы

02.04.
2012ж.

03.04.
2012ж.

04.04
2012ж.

05.04
2012ж.

06.04
2012ж.

09.04.
2012ж.

Барлығы

01.10.
2012ж.

02.10.
2012ж.

03.10
2012ж.

04.10
2012ж.

05.10
2012ж.

08.10.
2012ж.

Бородулиха

38

38






25

25






Бақы

6


6





10

10






Дмитриевка

1


1





5



5




Новодворовка

6


6





8



8




Переменовка

19



19




18


18





Степной

2


2





7



7




Подборный

3


3





8



8




Белағаш

16


16





15




15



Жезкент

31



31




20


20





Новопокровка

8




8



18




18



Петропавловка

2




2



16





16


Зубаир

2




2



5



5




Андреевка

4




4



5



5




Уба–Форпост

-







2





2


Новошульба

17




17



15






15

Красный Яр

1





1


3





3


Жерновка

1





1


6





6


Ленин

7





7


8






8

Таврия

8





8


6






6

БАРЛЫҒЫ

172

38

34

50

33

17


200

35

38

38

33

27

29

   
 
      Аппарат басшысы                                     С. Лазурин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады